Мемлекет басшысы Нұрсұлтан - TopicsExpress



          

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодардағы Мәліметтер өңдеу орталығында (Дата-орталық) болды. Қазақстан Президентіне «Қазақтелеком» АҚ мен Hewlett-Packard компаниясының бірлескен жобасы болып саналатын ТМД-дағы ірі инновациялық қызмет көрсететін Мәліметтер өңдеу орталығы таныстырылды. Қазіргі кезде павлодарлық Мәліметтер өңдеу орталығы тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдаланудан өтуде. Оның базасында хостинг қызметі, сондай-ақ бұлттық есептеу (бұлттық жүйенің мәліметтерін сақтау, мәліметтерді өңдеу виртуалды резервтік орталығы, бизнес үшін бағдарламалық қамтамасыз ету, интерактивтік қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу жүйесі, бұлттық серверлік платформа) тұжырымдамасы негізінде салынған сервистер ұсынылады. Павлодардағы Мәліметтер өңдеу орталығы – барлық нысанның жөндеу-профилактикалық жұмысты тоқтаусыз жүргізуіне мүмкіндік беретін, сенімділік деңгейін көрсететін Tier III сыныпты Орталық Азиядағы алғашқы Дата-орталық. Мәліметтер өңдеу орталығында «Қазақтелеком» АҚ энергетиканы қоса алғанда барлық қолдаушы жүйені, сондай-ақ кондициялау және өрт сөндіру жүйесін резервте ұстауды жүзеге асырады. bit.ly/11ZQb2z
Posted on: Wed, 26 Jun 2013 09:00:57 +0000

Trending Topics



Recently Viewed Topics




© 2015